Мояньчжо, Мойын-шорҚазақстан энциклопедиясы, VI-том (туған жылы белгісіз – 759ж.) – ұйғыр қағанатының билеушісі (746 – 759ж.ж). Әкесі Пейло қаған 745 ж. Ұйғыр қағанатын құрып, саяси-әскери билікті өз қолына алды. 746 ж. Пейло қаған өлгеннен кейін, билікке Мояньчжо келді. Ол мемлекетті нығайтып, көрші елдермен дипломатиялық қатынас жасады. Орталық Азия мемлекеттерімен және Қытаймен әскери-сауда келісімін орнатып, ұйғыр қағанатын күшейтті. Мояньчжо тұсында бірнеше әскери жорықтар жасалып, Тува жері жаулап алынды. Ұйғыр қағанаты қуатты мемлекетке айналды, 757 ж. Қытай империясы өз ішіндегі Ань Лу-шань бастаған көтерілісті басуға Мояньчжодан көмек сұрады. Мояньчжо кезінде ұйғыр қағанаты саяси-әскери бағытта ғана емес, рухани-мәдени жағынан да дамыды.
Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы
Санат:Тарих