Ақпанның 19 — Григориан күнтізбесінде жылдың 50-ші күні. Жылдың аяғына 315 (кібісе жылдарда 316) күн қалады.

Мерекелер

 — Дүниежүзілік киттер күні.

Армения — Арменияда кітап сыйлау, алмасу күні. Қырғызстан — Қаржы полициясы қызметкерлерінің күні. Түркіменстан — Түркіменстан мемлекеттік туының күні.

Оқиғалар

Туғандар 1473 - Николай Коперник, дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы поляк астрономы. (1543 жылы қайтыс болған).

1952 — Рю Мураками, жапон жазушысы, сценарист, режиссёр.

1921 жылы – қазақтың көрнекті заңгері, қоғам қайраткері, академик Салық Зиманов дүниеге келді. Тәуелсіздіктің елең – алаң шағында Парламент депутаты ретінде танытқан бөлекше біліктілігі ел есінде. Атап айтқанда, Қазақ КСР – нің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның мәтіні бас – аяғы үш тәулік ішінде жазылып біткен болатын.

Қайтыс болғандар 779 жыл — Ибрахим бин Әдхам хазіреттерінің мәңгілік сапарға аттануы 1951 — Андре Жид, француз жазушысы (1869 жылы дүниеге келген). 1997 — Дэн Сяопин (Дың Шяупин)(туылғаннан Дэн Сяньшэн) - Қытайдың мемлекет және қоғам қайраткері.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 (1902жылы дүниеге келген).

Сыртқы сілтемелер

Санат:19 ақпан