Павлов Иван Фомич- (25.6. 1922, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы – 12.10.1950) – қазақстандық ұшқыш, майор (1948), 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры (4.2.1944Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза офицерскому составу военно-воздушных сил Красной Армии» от 4 февраля 1944 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1944. — 17 февраля (№ 10 (270)). — С. 1 және 23.2.1945 жылдары). 1940 жылы Қызыл Армия қатарына алды. 1942 Чкалов әскері ұшқыштар мектебін бітірген. 1949 Фрунзе атындағы Әскери академияны бітірген (1949). Соғысқа 1942 жылы желтоқсаннан қатысты. Ұшқыш, аға ұшқыш, звено командирі, авиаэскадрильяның командирі, штурмандар авиаполкінің штурманы болды. Калинин, Орталық, 1-Прибалтика майдандарында 200-ден аса әуе шабуылына қатысып, жеке өзі жаудың 3 ұшағын атып түсірді. Жауынгерлік міндетін атқару үстінде қазаға ұшырады. 2 рет Ленин, 2 мәрте Қызыл Ту, Александр Невский, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған. Павлов мүсіні Қостанай қаласында орнатылған.Қазақ энциклопедиясы, 7 том
Дереккөздер
Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:1922 жылы туғандар Санат:1950 жылы қайтыс болғандар