Слудский Аркадий Александрович(8(21).11.1912, қазіргі Молдова Республикасы, Тирасполь қаласы — 9.3.1978, Алматы) — зоолог-териолог, биология ғылымдарының докторы (1962), Қазақстан ғылым академиясының корреспонденция мүшесі (1967). Бүкілодақтық зоотехникалық — аң терісі шаруашылық институтын бітірген (1935). 1936 — 1938 КСРО Сыртқы сауда халық комиссариатының "Қазақ аң терісін дайындау" бірлестігінде жұмыс істеді. 1938 — 1942 Қазақ аңшылық кәсібі ғылыми-зерттеу институтын басқарды. 1944 — 1978 Қазақстан ғылым академиясының Зоология институтында ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі, институт директоры (1967 — 1971) болды. Негізгі ғылыми зерттеулері Қазақстандағы қымбат терілі аңдарды халық шарушылығында пайдалану мәселелеріне арналған. Слудский жануарларды қорғаудың биология негіздерін, атап айтқанда, ондатрды жерсіндіру (КСРО Мемлекеттік сыйлығын, 1951), республикада ақ бөкенді қорғау және оның санын қалпына келтіру (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1982, қайтыс болғаннан кейін) мәселелерін зерттеуде көп еңбек сіңірді.
Шығармалары Млекопитающие Казахстана, т. 1 — 4, А.-А., 1969 — 1985 (соавт.). Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
Пайдаланылған cілтемелер
Санат:1912 жылы туғандар Санат:1978 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан зоологтары