Сыпыра жырау (XIV ғ.) - Суырып салма ақын. Алшын тайпасының Кете руынан шыққан

XIV ғасырда Тоқтамыс пен Едігенің билік құрған жылдарында өмір сүрген. Оның есімі ескі батырлар жырының талайында аталады. "Өз өмірінде толғау айтып өткен" Сыпыра жайында "Ер Тарғында" "Тоғыз ханды түзеткен кісі еді" делінеді. "Телағыс" жырында ел бірлігінің ұраншысы, ал "Құбағұлда" "Жүз сексенге келген" дана қария ретінде көрінеді.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. ISBN 9965-607-02-8

"Едіге би", "Тоқтамыс туралы аңыз" деген жырлар бар. Осылардың бәрінің о бастағы тудырушысы Сыпыра жырау болғанға ұқсайды. "Қырымның қырық батырын" жырлаған әйгілі Мұрын жырау өзін Сыпыра жыраудың ұрпағымын деген.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Дау-дамай, талас туған кезде халық әрқашан әділін айтар Сыпыра жырауды шақырып, оның шешіміне қанағаттанатын болған. Сыпыра жырау шығармашылығы көптеген түркі халықтары әдебиетінде көркем үлгі ретінде орын алды. Мәселен, ол ноғайлықтарға—Сыбыра йырау, башқұрттарға—Сыбрй йырысы, татар барабиндіктерге — Сафардау, қырымдықтарға — Сыпара жырау ретінде белгілі. Ал қарақалпақтар Сыпыраны өздерінің ең үлкен эпосшы жыраулар мектебінің негізін салушы санайды.Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2

Сыпыра жырау (туған - өлген жылдары белгісіз) – Дешті Қыпшақтың әйгілі жыршыларының бірі, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, барабы, құрдақ, қырым татарларына ортақ тұлға. Оның жырлары бізде өз атымен жетпеген, толғаулары «Құбығұл», «Едіге би», «Тоқтамыс ханның хикаяты» аңыз-әңгімелер мен «Ер Тарғын», «Едіге батыр» эпикалық жырларында сақталған. Қазақ зерттеушілері Сыпыра жырауды ноғайлы дәуірінен жеткен көптеген эпикалық жырлардың бірден-бір авторы санайды. Қазақ аңыздары мен батырлар жырында жырау ел бірлігін көздеген дана ретінде суреттеледі, бірде 120, бірде 180 жасаған, көпті көрген тәжірибелі қарт кейпінде көрінеді. Ауыз әдебиеті дәстүрі біздің заманымызға Сыпыра жыраудың қиын кезеңде өзінен ақыл-кеңес сұраған Алтын Орданың сол кездегі билеушілеріне арнаған бірнеше толғау-монологын жеткізді. Бұл толғау-монологтарда жырау билеушінің өзін, оның ата-бабалары мен төңірегіндегілерді сипаттап, қалыптасқан жағдайға баға берген, болашақты болжап, содан кейін ақыл-кеңесін айтқан. Оның қиын жағдайда өзінен көмек сұрап, хандармен жауласқан батырларды бітістіру мақсатында жырлаған толғаулары белгілі. Бұл толғаулар Сыпыра жыраудың негізінен мәңгілік жыршы және бітістіруші болғандығын дәлелдейді. Сыпыраның Едіге туралы эпоста бейнеленген Тоқтамыс ханға арнаған өлеңі оның толғауының классикалық үлгісі болып табылады. Арнау жырда Сыпыра жырау алдымен өзін таныстырған соң өзінің Тоқтамыстың сегіз атасын, соның ішінде Шыңғыс ханды да көріп-білгенін айтады, олардың әрқайсысына тиісінше мінездеме береді. Содан кейін Едігенің Тоқтамыстан қашуы кездейсоқ емес екендігін, оның Темірмен одақ құрып, қайта келіп соғыс ашуы мүмкін екендігін жырлайды. Сонымен бірге жырау Тоқтамыстың күйзеліске ұшыраған ұлысы мен тұтқынға түскен қыздары мен әйелдерінің тағдырын әдемі суреттейді. «Ер Тарғын» жырында Сыпыра жырау туралы «өз өмірінде толғау айтып, тоғыз ханды түзеткен кісі» делінген, ал «Телағыс» жырында ол ноғайлы ішіндегі өзара қырқысты өршітпей, ел арасындағы беделімен тегеуірінді жырымен жауласушы жақтарды бітістіріп отырған тұлға ретінде көрінеді. Ноғай халқында кездесетін «Тоқтамыс ханның хикаяты» атты аңызда Сыпыра жыраудың атынан қара сөзбен аралас айтылатын жырлар өзінің табиғи сипаты жағынан жыраудың «Мен қартыңмын, қартыңмын» атты толғауына ұқсас келеді. «Қырымның қырық батырын» жырлаған әйгілі Мұрын жырау өзін Сыпыра жыраудың ұрпағы санаған. Сыпыра жырау шығармашылығы көптеген түркі халықтары әдебиетінде көркем үлгі ретінде орын алды.

XІІІ-XІV ғасырларда Дешті Қыпшақтың әйгілі жыршыларының бірі - Сыпыра жырау Сұрғантайұлы өмір сүрді. Ауыз әдебиеті дәстүрі біздің заманымызға Сыпыра жыраудың қиын кезеңде өзінен ақыл-кеңес сұраған Алтын Орданың сол кездегі билеушілеріне арнаған бірнеше толғау-монологын жеткізді. Бұл толғау-монологтарда жырау билеушінің өзін, оның ата-бабалары мен төңірегіндегілерді сипаттап, қалыптасқан жағдайға баға берген, болашақты болжап, содан кейін ақыл-кеңесін айтқан. Оның қиын жағдайда өзінен көмек сұрап, хандармен жауласқан батырларды бітістіру мақсатында жырлаған толғаулары белгілі. Бұл толғаулар Сыпыра жыраудың негізінен мәңгілік жыршы және бітістіруші болғандығын дәлелдейді. Сыпыраның Едіге туралы эпоста бейнеленген Тоқтамыс ханға арнаған өлеңі оның толғауының классикалық үлгісі болып табылады. Арнау жырда Сыпыра жырау алдымен өзін таныстырған соң өзінің Тоқтамыстың сегіз атасын, соның ішінде Шыңғыс ханды да көріп-білгенін айтады, олардың әрқайсысына тиісінше мінездеме береді. Содан кейін Едігенің Тоқтамыстан қашуы кездейсоқ емес екендігін, оның Темірмен одақ құрып, қайта келіп соғыс ашуы мүмкін екендігін жырлайды. Сонымен бірге жырау Тоқтамыстың күйзеліске ұшыраған ұлысы мен тұтқынға түскен қыздары мен әйелдерінің тағдырын әдемі суреттейді. Бұған жол бермеу үшін Сыпыра жырау Тоқтамысқа Едігеге елші жіберіп, онымен татуласуға, ал сонан соң оны алдап өлтіруге кеңес береді. Сыпыра жыраудың толғауы нақты ақындық сипаттамалар мен бейнелі сөздерге толы. Жырау Едіге жүріп өтуге тиісті жерлерді айшықты суреттеп, тарихи тұлғаларға бейнелі анықтамалар береді. Тоқтамыстың алдында айтылған бұл толғау Сыпыра жырау өміріндегі соңғы толғау болды және шамамен 1390 жылы айтылған.

Шоқан Уәлиханов Ноғайлы дәуірін “қазақтың алтын ғасыры” деп бағалаған. Ескілікті ақын-жыраулардың ноғайлыға соқпай өткені жоқ. Оны барынша ұлықтап, көтере дәріптеп жырлаған.

“Аңыз былай дейді: дінсіз құшынаштар мен абыздар төменгідей ғажайыптар көрсеткен. Мәжіліске бір сұбжақы (жбан) бал әкеліп, оған түтік жалғайды. Сұбжақыдағы бал тостағанға өзі құйылып, кісілердің алдына өзі жылжып барады екен. Хан осы құшынаштарды өзінің шайхылары санап, жанына отырғызып, үлкен құрмет көрсетер еді. Бірде Ордаға төрт мұсылман келді. Олар құдайға құлшылық етіп жатқандарында Өзбек хан мәжіліс шақырды. Сүйікті шайхылары да бірге ілесе келді. Әдеттерінше қалайы ыдыстағы балдарын да ала келіп, түтікке жалғап, тостағандарды да қойды. Арада біршама уақыт өтті, балдан балшарап бөлініп шықпады. “Неге бал ақпай жатыр?” деп сұрады Өзбек хан. “Ордаға мұсылмандар келген шығар. Мынау солардың әлегі”, дейді шайқылар. “Іздеңдер, алып келіңдер”, деп әмір етті хан. Таса, қалқаларды тіміскіленіп жүріп, хан күрені сыртында бастарын жерге салбыратып дұға қып отырған төрт бейтанысқа кезігеді. “Кімсіңдер?” – деп сұрады мулазимдер. “Бізді ханға апарыңыз” – болды әлгілердің талабы. Міне, келді. “Кімсіңдер, неғып жүрген жансыңдар?” – деп сұрады хан. “Мұсылманбыз. Алланың әмірімен сізді мұсылманға енгізуге келдік” – болды әлгілердің жауабы. “Бұлар қаскөйлер, сөйлетпеңіз, тезірек өлтіріңіз”, – деп шулап қоя берді шайхылар. Өзбек сонда тұрып былай деді: “Не үшін өлтірем? Мен падишахпын. Сендердің ешқайсыңда алашақ-берешегім жоқ. Қайсыңның дінің хақ болса, сонымен бірге боламын. Егер бұлардың діні хақ болмаса, бүгін бал неге ақпай қалды? Тез бәсеке ұйымдастырыңдар, қайсыңның дінің хақ болса, соған бағынармын”, – деді Өзбек ханЧингиз-наме. Алматы, 1992. 105-106-б б.. Әжептәуір ұзақ әңгімені қысқартып баяндағанда тоқетері былай: екі тандыр қазып, өртеп жақты. Біріне мұсылман түсті, екіншісіне шайхылардың бірі түсті. Шайхы елдің көз алдында лап етіп жанып кетті де, мұсылманның міні қурай аман шықты. Нәтижесінде, мұсылман дінінің артықшылығына көзі жеткен Өзбек хан ислам дінін қабылдады. Тандырға түскен мұсылманның есімі БабаТуклас еді (Сонда, 106- б.).

Екінші бір маңызды мәселе қазақ жырлары мен әңгіме, аңыздарында жиі кездесетін, орыс ғылыми әдебиетінде бір бөлек, қазақ тарихи жадында бір басқа әліптелетін Баба Туклас – Баба түкті Шашты Әзиз дерегіне бетпе-бет жолығуымыз. Бұл тарихи тұлға төңірегінде арнайы әңгіме болатындықтан, қазір тоқталып жатпаймыз. Сонымен, Алтын Орданың рухани мұрагері Ноғайлы жеке, дербес өз шаңырағын тіккенге дейін бұл ұлыста мұсылман жол-жоралғысы орныққан-ды. Алайда, Дешті Қыпшақтың өзге де мұсылмандары сияқты Құран қағидаларына сай таза мұсылмандықты емес, тәңірлік, шамандықпен мидай араласып, біте қайнасқан мұсылмандықты тұтынды. Қыпшақ нәсілді жұрт – өмірге фетешизмді (тасқа, аңға, ағашқа табыну), сосын табуды, ең соңы ата-баба аруағын бәрінен жоғары қою нанымын әкелген халық. Қыпшақтың ол діни нанымын тәңірлік, шамдық үрдістер де, ең соңы мұсылмандық та түп орнымен жойып, халық санасынан аластай алмады. Мұхаммед (с.ғ.с.): “Маған табынған халық сорлы” деп айтып, жан иесі адамға емес, жалғыз Аллаға табынуды өз үмметіне қатаң уағыз еткенмен, Дешті Қыпшақта ол талап орындалмады.

Ноғайлы негізінен қыпшақ жұрты еді, сондықтан олардың рухани жағынан моңғолға дейінгі қыпшақтармен етене жалғасып жатқанының да басы ашық. Ал қыпшақтардан қалған жазба мұра “Кодикус куманикусты” беттен қалқып ұққанымызбен, терең түсініп, байыбына барғанымыз шамалы. Осы мұраны ұзақ жылдар аударып-төңкерген орыс ғалымдары да, өзіміздің оқымыстылар да “Кодикус куманикустың” Ватиканда сақтаулы басылымының соңында екі музыкалық шығарманың нотасы барын білмеген. Бұл шындықты қазақтарға жеткізген Иштван Қоңыр. Ұлт мерейі десе ұшарға қанаты жоқ, ізденімпаз ғалымымыз А.Сейдімбеков сол нотаны алдырып, Еуропаның өзі ұмытып қалған байырғы нота әліппесін үлкен машақаттармен біреуге оқытып, тыңдап көрсе, “Кодикус куманикус” нотасынан “Ақсақ Құлан-Жошы хан”, “Елім-ай” сарындарын есітіп, таңғалғанын әңгімелейді. Қысқа да шағын мәліметте үлкен мән бар: Ноғайлы-қыпшақ мәдениетінің әрі мұрагері, әрі ілгері дамытушысы. “Ақсақ Құлан” сарынының “Елайрылған”, “Көроғлыда”, “Елім-ай” сарынының Ноғайлы дәуіріне иек артатын “Япыр-ай”, “Қарағым-ай” әндерінде қайталануы тегін емес. Күйдегі толғау сарыны, әндегі жоқтау үрдісіндегі мұңды сағыныштар – Ноғайлы арқылы дамыған қыпшақ ән-күй өнерінің басты лейтмотиві. Ол Қорқыт күйлерінің де алтын тін, үзілмес арқауы. XІІІ ғасырда моңғол ләшкерінен жеңіліске ұшырап, Мажарстанға қашып барып, Бела патша төңірегіндегілердің ұйымдастырған бүлігінде суға ағып өлген Қотан ханның тағдырынан хабар беретін “Суға кетті Ер Қотан”, бәлкім, одан да бұрынғы заманның аужайын аңғартатын “Саймақтың Сарыөзенін” Жанақ ақынның қобызда шерлейтінін Ш. Уәлиханов жазып қалдырған. Сондай-ақ “Шоқан “Ер Шегедейді” Қанқожа, Досжан, Жанақ, Өтеболаттан жазып алған”Ә. Марғұлан. Ежелгі жыр, аңыздар. Алматы, 1985. 219-б.. Қыпшақтың музыкалық өнерінің қайнар бастауында осы атаулы күйлер болғаны күмәнсіз. Ноғайлы дәуірінде шырқау шыңға жеткен жыршылық мектеп түркі-қыпшақ нәсілінің бұған дейін де мыңдаған жылдық тарихы бар төл өнері болса керек. Қазақ ертегілеріне көз салсақ, қанатты, жеті басты айдаһарлар, жалғыз көзді дәу, жылан адамдар кезеңін сөз ететін, динозавр дәуіріне меңзейтін туындылар көп. Мысалға Ертөстікті алалық, “Жылан Бапы патшалығы” дегеніміз – б.д.д. VІІІ-VІІ ғасырлардағы Қара теңіз скифтерінің сенім-наным, тарихи аңыздарының жыр жолдарына көшірілген жаңғырығы емес пе? Ал “Керқұла атты Кендебайдағы” жеті басты аждаһа қай, ұранқай, кердері тайпалары, болмаса аждаһаны кие тұтқан қытайлармен шайқастың сәулеленуі емес пе? Ежелгі эпостарымыздың бірі – “Оғыз-наме”. Жыл санауымызға дейінгі XІІ-ІX ғасыр аралығында Қанғайдан Арапат тауы аралығында бұқаны тотем тұтқан қауым жасады. Тотем қағидасы бойынша кие есімі құпия сақталып, қосалқы атпен аталады. Өгіз, Оғыз атауы осылай пайда болса керек. Ал бізге жеткен “Оғыз-наме” X ғасырлар шамасында хатқа түскен.