Бірлік — Жамбыл облысы Шу ауданындағы ауыл, Бірлік ауылдық округі орталығы, Мойынты-Шу және Арыс-Алматы-Семей темір жолдары түйіскен жеріндегі темір жол бекеті.

Географиялық орны Аудан орталығы — Төле би ауылының шығысында 5 км-дей жерде, Шу өзенінің оң жағасында орналасқан.

Тарихы Іргесі 1946 жылы Мойынты-Шу темір жолын салуға байланысты қаланған.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен31465049 3647 72,2 2550 1858 72,9 2499 1789 71,6

Кәсіпорындары Бірлікте құрылыс кәсіпорны, нан зауыты, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, астық, қант қызылшасын және тері-жүн қабылдау пункттері жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, дәрігерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен және Шу темір жол бекетімен автомобиль жолдары арқылы қатынасады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

Санат:Шу ауданы елді мекендері Санат:Қазақстанның бұрынғы кенттері