Толстов Сергей Павлович (25 Қаңтар 1907, Санкт-Петербург қаласы – 28 Желтоқсан 1976, Мәскеу қаласы) – шығыстанушы, этнограф, археолог.
Қысқаша өмірбаяны:
1953 жылы КСРО Ғылым академиясының мүшесі. 1956 жылы Өзбекстан Ғылым академиясының құрметті академигі. 1930 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 1939–1951 жылдары Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры, кафедра меңгерушісі, декан. 1942–1966 жылдары КСРО Ғылым академиясының Этнография институтының директоры. «Советская этнография» журналының редакторы қызметтерін атқарған.
Еңбектері: Ол – алғашқы қауымдық құрылыс, ерте дүние, орта ғасыр тарихы мен археологиясына, дін тарихы және сол елдердің этногенезі жайлы 300-ден аса еңбек жазған. Көп томды «Дүние жүзі елдері» басылымының редакторы және авторларының бірі. Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясын ұйымдастырушы (1937), басшысы (1969 жылға дейін) болды. Сыр бойындағы Бәбіш – Молда, Шірік – Рабат, оның маңындағы Ірікбай, Бестамқала, Бөрлі 1, 2, Шағырлы 1, 2, Іңкәрқала, Сырлытам, Қарақалпаққала, Аралбайқала, Қызылқала, т.б ондаған көне қалалар мен елді мекендерге қазба жұмыстарын жүргізіп, тарихи қалыптасуын анықтауға үлес қосты. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1949). Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер:
Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:1907 жылы туғандар Санат:1976 жылы қайтыс болғандар