Тұран — Түркістан өлкесінің көне атауы. right|200px Ежелгі дәуірден жеткен мәліметтер бұл өңірде "тур" деп аталатын көшпелі тайпа мекен еткенін көрсетеді. “Авестада”, Фердоусидің “Шахнамасында” Иран мен Тұран елінің өзара қарым-қатынасы жайлы көптеген мәліметтер бар. Тұранда түркі халықтардың арғы тегінен сыр шертетін “Алып Ер Тоңа” атты дастан дүниеге келген. 6-ғасырдан бастап Тұран сөзі – түріктер мекендейтін жер, елдің атауы деген ұғымды білдіреді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Дереккөздер
Санат:География