Meyer Werft — Германияда орналасқан кеме соғу верфі. Штаб-пәтері немістің Папенбург қаласында орналасқан.
1997 жылдан бері Neptun Werft верфімен жұмыс істеп келеді. Компания Meyer Neptun Group тобының мүшесі.
Тарихы Іргетасы 1795 жылы ағаш кемелер соғу үшін қаланған. 1874 жылдан бастап корпусы темірден жасалған кемелер шығара бастаған.Meyer Werft Website, "Triton"
1920 жылға дейін Папенбург маңында 20-ға жуық верфтер болған. Қазір тек Meyer Werft компаниясы қалған.
Компания жайлы right|thumb| Жаңа өндіріс корпусы Компания круизді кемелер, паромдар, танкерлер, контейнер тасушы кемелер, малға арналған көліктер, өзендегі круизді кемелер шығарады.
Meyer Werft әлемдегі үлкен және қазіргі заманға сай технологиямен жабдықталған, 2300-ге жуық жұмысшылары бар компаниялардың бірі. Әлемдегі ең үлкен төбесі жабылған құрғақ докы бар. Ол 1987 жылы соғылған, ұзындығы 370 м., ені 101,5 м. және биіктігі 60 м. 2000 ж. тағы екінші жабық құрғақ док соғылады. Оның ұзындығы 504 м., ені 125 м. және биіктігі 75 м. Соның нәтижесінде компания жылына үш круизді кеме шығара алатын болды.
Meyer Werft Celebrity Cruises, Norwegian Cruise Line және Royal Caribbean International сияқты компанияларға бірнеше кемелер соғып берген.
Сыртқы сілтемелер Meyer Werft ресми сайты Meyer Werft орналасуы
Дереккөздер
Санат:Германия