Көктерек — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы ауыл, Көктерек ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка аулынан оңтүстік-шығысқа қарай 55 км-дей жерде, Сарыөзеннің сол жағалауындағы көкпек, бидайық және әр түрлі астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер өскен шалғынды-сортаңды, бозғылт қоңыр топырақты шөлейт белдеуінде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 979 адам (484 ер адам және 495 әйел адам) болса, 2009 жылы 941 адамды (483 ер адам және 458 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 908 адамды (450 ер адам және 458 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы 1963-1997 жылдары «Көктерек» қой өсіру кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде Көктерек те және округтегі Еламан, Оразғали, Саралжын, Сатыбалды ауылдарында шаруа қожалықтары (16) мен серіктестікгер (3) құрылған.

Инфрақұрылымы Орта (3), бастауыш (2) мекгептер, мәдениет үйі, кітапхана, дәрігерлік амбулатория және 4 фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Казталов ауданы елді мекендері