Сам ауылы (2007 ж. дейін — ҚызыләскерБейнеу ауданының Қызыләскер ауылын Сам ауылы деп атау туралы) — Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы ауыл, Сам ауылдық округі орталығы.
Географиясы Аудан орталығы – Бейнеу ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 55 км жерде, Сам құмының батыс етегінде орналасқанМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;.
Тарихы Іргесі 1949 жылы құрылған. 1973–1995 жылдары «Сам» қаракөл қой кеңшарын ұйымдастыруға байланысты оның бөлімшесі есебінде қаланды.
Халқы 1999 20092009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 20212021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 451 450 526
Экономикасы «Сам» қаракөл қой кеңшары негізінде Самда мал шаруашылығымен айналысатын 14 шаруа қожалығы ұйымдасқан. Одан басқа су айдайтын Бейнеу МТС-ке қарасты Қарағайлы мекемесі орналасқан.
Транспорты Ауыл арқылы «Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» автотрасса жолы мен «Бейнеу-Жезқазған» теміржолы жүреді.
Тарихи ескерткіштер Ауылдан 12 шақырым жерде Қошмағанбет, 9 шақырым жерде Қарғабай атты тарихи ескерткіштер сақталған.
Инфрақұрылымы Ауылда орта мектеп, кітапхана, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт, тағы басқалар бар. Тұрғындары жер асты су көзін пайдаланады.
Ауыл тұрғындарына Сам мектеп-балабақша кешені, медициналық пункт, «КазТрансГазАймақ» бөлімшесі, Казпошта бөлімшесі, АТС байланыс торабы, Билайн байланысы, «Бейнеусусервис» КМК-ны қызмет көрсетсе, табиғи газ, электр энергиясы және ауыз сумен қамтылуда іркіліс жоқСам селолық округі əкімінің есебі .
Дереккөздер
Санат:Бейнеу ауданы елді мекендері