Малдың массасы, салмағы - малдың тірілей дене салмағы. Малдың салмағы таразыда масса бірлігімен (кг не г) өлшенеді. Мал тұқымын асылдандырудағы негізгі мақсаттың бірі - малдың салмағын өсіру. Өйткені малдың салмағы оның өнімділігіне, әсіресе еттілігіне, сүттілігіне тікелей ыкпал етеді. Малдың салмағы өлшеу жиілігі малдың жасына, пайдалану ретіне және зерттеу мақсатына байланысты. Малдың салмағы әдетте ертеменен, аш қарынға өлшейді.Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы . Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011. ISBN 978-601-7254-21-6

Санат:Мал шаруашылығы

Дереккөздер