thumb|right | ACM ICPC логотипі Студенттердің Халықаралық Бағдарламалау Олимпиадасы (ағылшын тілінде ACM International Collegiate Programming Contest ACM-ICPC немесе жай-ғана ICPC) жылдағы көп-деңгейлі университеттер арасындағы бәсекелестігі жоғары бағдарламалау сайысы. Бұл сайыс жыл сайын IBM компаниясымен қаржыландырылып келеді. Штаб пәтері Бейлор Университетінде орналасқан. Есептеу Техникасы Ассоцияциясы (ACM) нұсқасымен басқарылып келеді.

Тарихы 1970 жылы Техас университетінде өткен алғашқы Бағдарламалау бойынша Халықаралық Чемпионат байқаудан тарихы басталады. Чемпионат өзінің қазіргі кейпін 1977 жылы бірінші финалдық ACM жыл сайынғы конференциясы аясында алып, содан бері жыл сайын өткізіледі.

Чемпионат Есептеу машиналары ассоциациясының (ACM) қамқорлығымен өтеді. 1989 жылдан бастап Бейло университеті айналысады Әр түрлі уақытта байқаудың демеушілері Apple, AT & T және Microsoft сияқты компаниялар болды Бірақ 1997 жылдан қазіргі уақытқа дейін IBM компаниясы бас демеушісі болып келеді.1977 жылдан 1989 жылға дейін, негізінен, АҚШ, канадалық жоғары оқу орындарының командалары қатысып келді. Бүгінгі күні, Олимпиада жаһандық бәсекелестік айналды: 2009 жылы соңғы турнирде 88 елден келген 7109 команда қатысып, оның 100-і ақтық мәреде олжа үшін күресте бақ сынасты. Командалардың саны жылына 10-20% өсіп келеді, бұл болашақта бәсекелестік одан сайын арта беретіндігін аңғартады.Қазақстан сияқты және бұрынғы Кеңес Одағының Ресей, Азербаджан, Армения, Белорусия, Грузия, Қырғызстан сол сияқты, Латвия, Литва, Өзбекстан, Эстония Шығыс Еуропа аймағына кіреді, олар жыл сайын өздерінің ең үздік командаларын жартылай финалда кездесіп, әлем кубогының сарапқа салуға жолдама алады. Аймақтық квотаға командалардың сан жылына сайын өсіп отырады, 2013 жылға дейін : финалға 2011 жылы - 12 команда жіберілді, 2012 жылы - 16 команда, 2013 жылы - 19 команда, 2014 жылы - 17 команда қатыстыNortheastern European Regional Contest.

Ережелері Олимпиада командалық түрде өтеді. Ережелер төмендегідей: әр командадада 3 студент болады, олар ЖОО-ның студенті немесе магистратураның (аспирантура) 1 жылғы студенті болуы шарт. Финалға екі рет, жартылай финалға 5 рет қатысқан коммандалар, жасы 24-тен асқан қатысушылар қатыстырылмайды. Әр коммандаға 1 компьютер беріледі, есептер ағылшын тілінде жазылған, 8-ден 18 тапсырмаға дейін болуы мүкін, шығаруға 5 сағат беріледі:: ACM ICPC, NEERC, Southern Subregion :: Жарыс қатысу ережесі мен реті. Командалар C, C ++ немесе Java тілдерінде есепті шығарып, сынақ серверіне жібереді. Кейбір өңірлік турлар барысында бағдарламалау тілдеріне өзгертулер енгізілуі мүмкін. Мысалы, солтүстік-шығыс еуропа ширек финалында Паскаль (бағдарламалау тілі) қол жетімді болды. Бағдарламалар, қатысушыларға белгісіз, түрлі кіріс тесттерінен өтеді, есептер үлкен сандарға тексеріледі. Бағдарлама дұрыс жауап берген болса, немесе уақыт немесе жад шектеулері дұрыс келістірілмеген болса, команда есептің дұрыс емес екендігі туралы хабар алады және кейде сервер түзетілген нұсқасын жіберуі мүмкін. Тапсырма бағдарламасы барлық тесттерден дұрыс жауаппен өткен болса, шешілді деп саналады. Өзге де жарыстарға қарағанда, ішінара шешімдер қарастырылмайды.

Проблемаларды(есептерді) ең көп санын шешкен команда, жеңімпаз атанады. Бірнеше команда есептердің бірдей санын шешкен болса, жеңімпаз рейтингтегі айып уақыты (пенальти) бойынша анықталады. Бастапқыда уақытта, айыппұл (пенальти) әр командада нөлге тең болады. Командасының айыппұлы уақыты әр тапсырған есебі үшін есептеліп, сайыстың басынан бері өткен уақытқа қосылады. Проблеманы(есепті) өтуге бірнеше сәтсіз әрекет жасалған болса, олардың әрқайсысы үшін айыппұлға (пенальти) жиырма минут қосылады. Нәтижесінде команда тапсырманы шеше алмаса, тапсырманы өтуі үшін сәтсіз әрекеттер алынып тасталмайды.

Басқа олимпиадалардан бұл олимпиаданың салыстырмалы түрде басты айырмашылығы, есептердің саны ұлғайтылғандығымен және қысқа уақыт берілетіндігімен ерекшеленеді. Әр командаға бір ғана компьютер берілетінін ескерсек, командада тиімді жұмыс жасау бірінші кезекке шығады.

Олимпиаданың бұл форматы ең табысты форматтардың бірі деп санауға болады. Көптеген университеттер, Олимпиаданы ACM ICPC форматында өткізеді.

Өткізу кезеңдері

Олимпиада бірнеше кезенге бөлінеді. Жоғарғы оқу орындарының көбісі, университет ішінде олимпиада ұйымдастырып, қай командалар регионалды кезенге қатысатының анықтайды. Осыдан кейін регионалды олимпиада ұйымдастырылады, осы регионалды олимпиада жеңімпаздары, олимпиаданың финалына қатысады. Регионалды кезенде, университет атынаң бірнеше команда қатыса алады, бірақ финалда әрбір университет атынан 1 команда қатыса алады.

Жеңімпаздар 1977 жылдан бері әлем чемпиондары:

Жыл Өткен жері Жеңімпаз Топ құрамы Тренері 2015 , Марракеш СПбНИУ ИТМО Геннадий Короткевич, Борис Минаев, Артем ВасильевАндрей Станкевич 2014 , Екатеринбург Санкт-Петербург Мемлекеттік университеті Дмитрий Егоров, Павел Кунявский, Егор Суворов Андрей Лопатин 2013 , С.Петербург СПбНИУ ИТМО Михаил Кевер, Геннадий Короткевич, Нияз Нигматуллин Андрей Станкевич 2012 , Варшава СПбНИУ ИТМО Евгений Капун, Михаил Кевер, Нияз Нигматуллин Андрей Станкевич 2011 , Орландо Чжэцзян университеті Мо Луи (Luyi Mo), Оуян Цзялинь (Jialin Ouyang), У Цзэцзюнь (Zejun Wu) Ван Цань (Can Wang) 2010 , Харбин Шанхай көлік университеті (Цзяотун) Цзинь Бинь (Bin Jin), У Чжоцзе (Zhuojie Wu), Чжэн Чжао (Zhao Zheng) Юй Юн (Yong Yu) 2009 , Стокгольм СПбНИУ ИТМО Владислав Исенбаев, Максим Буздалов, Евгений Капун Андрей Станкевич 2008 , Банфф СПбНИУ ИТМО Дмитрий Абдрашитов, Дмитрий Паращенко, Федор Царев Андрей Станкевич 2007 , Токио Варшава университеті Filip Wolski, Marcin Pilipczuk, Marek Cygan Jan Madey 2006 , Сан-Антонио Саратов Мемлекеттік университеті Роман Алексеенков, Игорь Кулькин, Иван Романов Михаил Мирзаянов 2005 , Шанхай Шанхай көлік университеті (Цзяотун) Дай Вэньюань (Wenyuan Dai), Чжао Шуан (Shuang Zhao), Ян Бохай (Bohai Yang) Юй Юн (Yong Yu) 2004 , Прага СПбНИУ ИТМО Дмитрий Павлов, Павел Маврин, Сергей Оршанский Андрей Станкевич 2003 , Беверли-Хиллс Варшава университеті Tomasz Czajka, Krzysztof Onak, Andrzej Gasienica-Samek Jan Madey 2002 , Гонолулу Шанхай көлік университеті (Цзяотун) Линь Чэньси (Chenxi Lin), Чжоу Цзянь (Jian Zhou), Лу Цзин (Jing Lu) Юй Юн (Yong Yu) 2001 , Ванкувер Санкт-Петербург Мемлекеттік университеті Николай Дуров, Андрей Лопатин, Виктор Петров Дмитрий Ломов 2000 , Орландо Санкт-Петербург Мемлекеттік университеті Николай Дуров, Андрей Лопатин, Олег Етеревский Наталья Вояковская 1999 , Эйндховен Ватерлоо университеті Ondrej Lhotak, Viet-Trung Luu, David Kennedy, Donny Cheung Gordon Cormack 1998 , Атланта Прага университеті Джири Хайек, Павел Махек, Мартин Марес Pavel Töpfer 1997 , Сан-Хосе Харви Мадд Колледжі Брайан Карнес, Брайан Джонсон, Кевин Уоткинс, Доминик Маццони Robert Keller 1996 , Филадельфия Беркли университеті Ben Rudiak-Gould, Amit Sahai, Scott McPeak Paul Hilfinger 1995 , Нэшвил Фрайбург университеті Маттиас Рул, Кристиан Ветцель, Филипп Земброд 1994 , Феникс Ватерлоо университеті Seiji Ando, Ian Goldberg, Ka-Ping Yee Jo Ebergen 1993 , Индианаполис Гарвард университеті Деррик Басс, Тони Шей, Крейг Силверстейн 1992 , Канзас-Сити Мельбурн университеті Эндрью Конвей, Крэйг Диллон, Стефен Симмонс 1991 , Сан-Антонио Стэнфорд университеті Michael Patrick Frank, Sean Quinlan, David Magerman, Carl Witty 1990 , Вашингтон Отаго Университеті John Gee, Craig McNaughton, Paul Sharp, Bruce Warrington 1989 , Луисвилл Лос-Анджелестегі Калифорния университеті Seth Goldman, Alex Quilici, Matthew Marzbacher, Scott Turner 1988 , Атланта Калифорния технология институты Dave Gillespie, Adam Greenblatt, Ron Goodman, Scott Hemphill 1987 , Сент-Луис Стэнфорд университеті Bob Alverson, Tomas Rokicki, Ali Tabibian, Lei Zhu 1986 , Цинциннати Калифорния технология институты Steve Burns, Tim Kay, Dave Gillespie, Steve Rabin, Rajiv Gupta 1985 , Новый Орлеан Стэнфорд университеті Michael Dixon, Micheal Hewett, Vivek Sarkar, Joseph Weening 1984 , Филадельфия Джон Хопкинс университеті Michael Baldwin, Robert Strandh, John Walker, Richard Washington Joseph O’Rourke 1983 , Мельбурн Небраска Университеті Mark Tuttle, Thane Plambeck, David Leavitt, Paul Petersen 1982 , Индианаполис Бэйлор университеті Keith Hall, Patrick Keane, Jennifer Harmon, Terry Talley Don Gaitros 1981 , Сент-Луис Миссурий университеті Christopher Freund, Michael Richey, James Simmons, Catherine Pyron Fieseler 1980 , Канзас-Сити Сент-Луис университеті Steve Karasek, Nathan Schroeder, Mike Zyda, Dave Camp 1979 , Дэйтон Сент-Луис университеті Steve Karasek, Nathan Schroeder, David Doty, Dave Camp 1978 , Детройт Массачусет технологиче институт 1977 , Атланта Мичиган университеті

Қазақстаннан қатысқан командалар 2001 жылдан бері ACM ICPC финалына қатысқан Қазақстанның ЖОО-ларының коммандалары: Жыл Өткен жері ЖОО Орын Топ құрамы Тренері2024 , Астана Astana IT University 82 Дінмұхамед Оралханов, Нархан Қамзабек, Дәулет Биахмет Темірлан Сатылханов 2023 , Луксор Astana IT University 87 Әділхан Мұратов, Әлихан Әлайдаров, Нархан Қамзабек Темірлан Сатылханов2022 , Луксор Astana IT University 64 Дінмұхамед Оралханов, Дәулет Биахмет, Парасат Қызырқанов Темірлан Сатылханов 2015 , Марракеш Назарбаев Университеті 64 Нұрлан Қанапин, Әділет Жақсыбай,Сергей Макаганов 2014 , Екатеринбург Назарбаев Университеті Нұрлан Қанапин, Әділет Жақсыбай,Сергей Макаганов 2013 , С.Петербург Қазақстан-Британ Техникалық Университеті 13 Алмахан Азизхан, Айтбаев Мадияр, Сатылханов ҚанатДамир ЕлеусизовХалықаралық IT УниверситетіКутыбаев Мансур, Коваленко Павел, Большаков АлександрКалиаждаров Данабек 2012 , Варшава 2011 , Орландо Қазақстан-Британ Техникалық Университеті 27Бахытжан Байжикенов, Арман Есенаманов, Есенжар Канапин 2007 , Токио ҚазҰУ+ҚазҰТУ 80Рустам Арзымбетов (ҚазҰУ), Артем Игликов (ҚазҰТУ) 2006 , Сан-Антонио Қазақстан-Британ Техникалық Университеті 80 Нуржан Бакибаев,

Сілтемелер

ACM/ICPC — олимпиаданың басты беті. Вальядолида Университетітің есептер мұрағаты Орал Мемлекеттік Университетінің есептер мұрағаты Саратау Мемлекеттік Университетінің есептер мұрағаты Программалау жаңалықтары Бейжің университетнің есептер мұрағаты Sphere Online Judge есептер мұрағаты (бағдарламаудың 30 тілінде жұмыс жасайды) Физтехтегі программалаудан олимпиада : ақпарат МФТИ online-контесті, алгоритм және бағдарламалау тілдерінен есептер ЖЖ чемпионатының орыс қатысушылары Халықаралық жеке олимпиадалар. Студентттер ғана қатыса бермейді Codeforces программалаудан ашық жиі жарыстар және әлеуметтік желі

Санат:Бағдарламалау сайыстары