Сүттің майлылығы - сүттің сапасын сипаттайтын, өнімділігінің басты көрсеткіштерінің бірі. Мал тұқымын асылдаңдыруда оған үлкен мән беріледі. Сүттің майлылығын айына бір рет арнайы құрал-жабдықтармен анықтайды. Сүттің майлылығы сауын малдың түріне (сиыр, бие, қой, түйе т. б.), тұқымына, сауын маусымына, жеген жемшөп құрамына байланысты. Мал тұқымын асылдаңдыру жұмыстары арқылы сүттің майлылығын арттыруға болады.Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы. Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011. ISBN 978-601-7254-21-6

Дереккөздер

Санат:Мал шаруашылығы