Dong Bang Shin Ki (; Дон Бан Шин Ки/Тоң Баң Син Ги) — Оңтүстік Корея поп-тобы, бүгінгі күні Азиядағы әйгілі поп-топтардың бірі. Алғашында ұжым бес қатысушыдан тұратын: Юноу Юнхо, Хиро Джэджун, Сиа Джунсу, Микки Ючхон және Макс Чханмин.

2010 жылдан бастап топ құрамы дуэтке дейін азайды. Олардың әуені — бұл поп-музыка, R&B, хип-хоп барлығының араласып келген түрі, рок әуендер болса аз кездеседі.

«Dong Bang Shin Ki» (DBSK) (хангыль: 동방신기, ханчча: 東方神起) тобының атауы «Шығыстың біртума құдайлары» деп аударылады. Сонымен қатар олар «Dong Fang Shen Qi» (Dōngfāngshénqǐ) және «Tong Vfang Xien Qi» (TVXQ) тобы ретінде қытайлық жанкүйерлеріне, ал Жапонияда «Tohoshinki» (THSK) тобы ретінде белгілі.

thumb|300px|left|2009 жылғы SMTown-ың концерті 2008 жылы 16-шы «Purple Line» жапон синглынің шығарылымымен байланысты Орикон чартында дебютқа шықты (яғни, бірден ән шыға салысымен бірінші орынды иеленді), DBSK тобы синглы «нөмір бір» орнын иеленді, осымен бесінші жапондық емес, азиаттық және тек қана жігіттерден құралған шетелдік топ ретінде әйгілі болды.

23-ші «Dōshite Kimi o Suki ni Natte Shimattandarō» атты сингл шығарылған соң, жарыққа шыға салысымен чартта тек қана бірінші орынды иеленген қатарынан 3 синглдері жаңа рекорд орнатты. 2009 жылы 25-ші «Bolero» атты сингл жарық көріп, өздері орнатқан рекордтан да асып түсті.

Осылайша, DBSK тобы алдыңғы қатардығы жапондық емес әншілер атанып, апталық Ориконда «нөмір бір» деген мәртебелі 5 синглдың иегері атанды.

2010 жылы ақпан айында алғашқы жапондық әндер жинағы жарық көріп, бірінші аптасында-ақ 413.000 көшірмесі сатылып кетті. Бұл DBSK-лықтар үшін бірінші аптада ғана қол жеткізген қыруар сатылымдары үшін шетелдік орындаушылар арсындағы орнатқан тағы бір жаңа рекордтары болды. 1995 жылы тіркелген (379.000 көшірме) Бон Джовидің жеткен рекордынан анағұрлым асып түсті.

Соттық тергеуден кейін DBSK тобының 3 орындаушысы (Хиро Джэджун, Сиа Джунсу, Микки Ючхон) Жапонияға 2010 жылы «JYJ» триосы ретінде қайта бастады. Ал кейінірек, қазан айында ағылшын тіліндегі «The Beginning» атты әндер жинағы жарық көрді. Бұл кезде топтың қалған екі орындаушылары Юноу Юнхо мен Макс Чханмин әлі «SM Entertainment»-пен келісім-шартта жүрген еді, топтың бастағы «Dong Bang Shin Ki» атауымен музыкалық мансапты жалғастыра берді. Топқа жаңа орындаушы қабылданбайды және ол квинтеттен ресми түрде дуэтке айналады деп хабарлады. Бұл топтың алғашқы корейлік «Keep Your Head Down» атты әндер жинағы 2011 жылдың 5 қаңтарында жарық көрді, ал алғашқы жапондық сингл — 2011 жылдың 26 қаңтарында жарық көрді.

Топ құрамы

Ағымдағы құрам Чон Юнхо — Юноу Юнхо (қоңыр дауыс, топ басшысы) Сим Чханмин — Макс Чханмин (тенор)

Уақытша бөлінген топ мүшелері Ким Джунсу — Сиа Джунсу (тенор) Пак Ючхон — Микки Ючхон (бас-баритон) Ким Джэджун — Хиро Джэджун (тенор)

Орындаушылар мен топ мүшелері жайында негізгі мәлімет

Алғашқы ресми бастамамен сахнаға «Dong Bang Shin Ki» тобы 2003 жылдың желтоқсан айында BoA мен Бритни Спирстің концертінде шықты (негізі олар бұған дейін де сахналардан көрініп жүрген). Олар «O Holy Night» атты бірінші синглынан алынған «Hug» әнін BoA-мен бірге орындап шықты.

DBSK тобының алғашқы орындаушысы — Сиа Джинсу болды. Ол 12 жасында телевизиялық жас дарындар байқауына қатысып, ол кездегі төрешілер Мун Хиджун (ағыл. Moon Hee Jun) мен Канътха (ағыл. Kangta) болатын. Вокалдық шеберлігі басым түскен Сиа, төрешілерді жақсы әсерде қалдырады, Джунсуды таңдап алып олар оның вокалын кәсіби түрде жаттықтыра бастайды. Джунсу өзіне «Сиа» деген лақап атты алады, өйткені бұл есім «Азия» сияқты қысқа ғана болды.

Екінші орындаушысы, би байқауындағы жеңісінің арқасында DBSK тобына мүше болған — Юноу Юнхо болды. Бұған дейін ол backup-биші, корей әншісі Dana-ның қасында рэп-вокалшы болып жүрді. Сонымен қатар ол Қытайдағы корей әншілеріне қолдау көрсетіп жүрген еді. Ол өзіне «U-Know» деген лақап атты алды, өйткені бұл оның шын есімі Юнхомен аттас еді. Ағылшын тілінен аударғанда «U-Know» сөзі — «Сен білесің» («You know») деген мағынаны білдіреді. Юнхо DBSK-дің топ басшысы.

Үшінші орындаушы Хиро Джэджун, SM Entertainment тыңдауына қатысу үшін туған қаласы Чхунчхон-Намдодан кетуге мәжбүр болды. Бұл топтың құрамына енбес бұрын ол жоқшылық пен аштықтын азабын тартты, пәтер төлемдерінен құтылу үшін қан тапсырып тұруға дейін барды. Оның «Hero» атты лақап аты (ағыл. «Батыр») ол корейше «Ёнъун» деген лақап атынан шыққан, яғни «батыр» деп аударылады.

Хиро, 5000 адамнан тұратын аудиторияда тыңдаудан өтті. Ол жеңді, өйткені оның дауысы әдемі еді және бұл оған DBSK тобынның мүшесі болуға үлкен себепкер болды.

Төртінші орындаушы, Макс Чханмин, DBSK тобынның ең жас мүшесі. Джунсу сияқты ол да төрешілерге жақсы әсер қалдырды, осылайша ол таңдалды. Ол топқа Чхвеган Чханмин есімімен қосылды. Чхвеган корей тілінен аударғанда «ең жақсы» деген мағынаны білдіреді, сондықтан Чханмин ағылшындық нұсқасы ретінде «Мах» деген лақап атты таңдады.

Топтың дебютқа шығуына алты ай қалғанда бесінші орындаушы — Микки Ючхон келіп қосылды. Ол Виргиния штатында (АҚШ) 4 жыл тұрып, ән айту байқауындағы жеңісінің арқасында SM Entertainment-ке тап болды. Осыдан кейін оған SM Entertainment-пен келісім-шартқа отыруға ұсыныс жасалды. Ючхонның лақап аты «Micky» ханччадан (қытай иероглифтері) аударғанда «Жасырын қару» деген мағына береді, яғни Миккидің музыкалық индустрияның жасырын қаруы болғысы келгенін айшықтайды. Сонымен қатар «Micky» — Ючхонның Виргинияда тұрған кезіндегі есімі еді. Ючхонның інісі — Юхван (Рики) — 2012 жылдан бастап корей шоу-бизнесінде актер және модель ретінде тасы өрге домалады.

«Dong Bang Shin Ki» дебютынан кейін үш айдан соң жүйелі түрде корей музыкалық чарттарында алдыңғы орындарды иелене бастады. Содан бері олар Кореяда № 1 топ ретінде белгілі болды.

DBSK тобы жанкүйерлерінің ресми клубы «Cassiopeia» деп аталады — бұл атау галактикадағы 5 жұлдыздан тұратын шоқжұлдыздың атауы, яғни топ мүшелерінің де саны соған негізделіп 5 адамнан құралған.

Дегенмен DBSK тобы тыңдаушыларға а капелла — тобы ретінде ұсынылды. Топтың негізгі әуені k-pop және j-pop. Олардың жаңа шыққан әні мен синглы — «Hug», Бабблгам-поп стилінде орындалған, бірақ келесі сингл «The Way U Are» dance/R&B стилінде орындалды, бұл әнде жігіттер стильді киімдер киіп және заманауи би мәнерлерін алып шықты. Алайда, бірінші үнтаспалары 믿어요 (I Believe…) музыкалық шығарманың бір түрі — баллада ретінде шығарылды. DBSK жылды Рождестволық ән жинағымен тамамдады, оның ішінде әннің а капелла-нұсқасы «Jesus, Joy of Man’s Desiring» болды. 2004 жылы топ орындаушылары әншілік бастамаларын ән орындау шеберлігін жан жақтылы қамтып, әр түрлілікпен көрсете білді.

Екінші, үшінші ән жинақтарында да осыған сәйкес стильдердің араласып келуіне байланысты алдыңғы ән орындау мәнерлерінен таймай, соны ұстанып отырды. Мәселен, екінші ән жинағының синглы билеуге болатын әндерден, тіпті баллада және әуезді әуендерден тұратын поп-музыка стилінде де болды.

Сонымен қатар, топ орындаушылары кейіннен Корея мен Жапонияда шығарылған а капелла-трек жазбасын ресми ән жинақтары үшін қолданды. Жапонияда шығарылған 13-ші «Hug» синглының әуенін әнге салып а капелла стилінде өздерінің 2nd Live Tour in Japan гастрольдік сапарында дебютқа алып шықты.

Жапон нарығына бұл топтың әндері Оңтүстік Кореядан келді. DBSK тобының жапондық жанкүйерлері көбінесе ересек жастағы адамдарды құрағандықтан, әнші жігіттер ауыр және жылдам орындалатын, стильді киімдер киіп, қиын, хореграфиялық биді талап ететін, әсіресе, Оңтүстік Кореяда топтың хит әндерінде кездесетін, осындай әндерден гөрі, а капелла-әндерді, әуезді поп-әндерді орындауға тырысты.

Юно Юнхо

Өмірбаяны Юнхо — DBSK тобының көшбасшысы. Би жарысында жеңіске жетіп, Юнхо бұл топтан өз орнын ойып алды. Ол бұл топқа екінші мүшесі ретінде тіркелді.

Сим Чханмин

Өмірбаяны Чанмин — DBSK тобының ең жас мүшесі, қайсар мінезді, ешкімге тәуелсіз болғанды ұнатады. Ата-анасы мұғалім болғандықтан ол мектеп тапсырмаларын бұлжытпай орындап отыратын. Оның жанұясы: ата-анасы және екі қарындасы. Жас болғанына қарамастан Чанмин топ арасында ой-өрісінің өткірлігі арқасында беделді болды, дегенмен кейде асыра тікмінездігі байқалатын. Әр нәрсеге өз пікірі бар. Жақсылап тойып тамақтанғанды жаны сүйеді, қалай десе де оның осы жасында бұл таңқаларлық жағдай емес еді. Көптің бәрі жей бермейтін аса қышқыл тағамдарды ұнатады. Макстың дауысы ерекше мықты, бір сұхбаттарында Юнхо оны басқа планеталық деп қалжыңдағаны бар. 2008 жылы 4ChaWon stars (яғни, 4-ші өлшемнің жұлдыздары, космостан келген жат адамдардай, басқаларға ұқсамайтын, сирек кездесетін, ерекше адамдар) тізімінде бірінші орынға шықты. Бұл тізімге тек атақты адамдар ғана ілігетін. Бұл тізімде Чанмин сонау 2007 жылы тіркелген, бірақ бірінші орынға 2008 жылдың 19-шы маусымында көтерілді.

Қазіргі уақытта Кёнхи университетінде (ағыл. Kyung Hee University) Микки Ючхонмен бірге оқып жүр.

Жеке дискография 2008.02.06 Two Hearts/WILD SOUL (бес синглден құралған «TRICK» сингліне енген әндердің бірі) «Tying Shells Together» (ЧунСу-мен бірлесе (DBSK); Лина & Сандей (CSJH); Рёук & Ёсон (Super Junior)) «I love You» (соло на Rising Sun concert) «When I first Kissed You» (жеке ән айтуы 'O' concert-те) «Just Once»

Деректер Топ арасында ең бойшаң, жас болса да ой-өрісі жағынан ең ересегі деп атайды Дауысы кең диапазонды, ерекше және мықты Тамақ көп ішсе де, аз сөйлейді Балалық арманы — телеарна дикторы болу Ұнататын түсі — қан қызыл түс Музыка бизнесінде үздігі болғысы келгендіктен, «Max» (максималды) лақап атын алды Ұйқыны жаны сүйеді, оятып алу өте қиын Бір сұхбаттарында суда жүзуді үйренгісі келетінін айтты Кореяның басты университтерінің бірінде білім алуда Ағылшын тілін үйренуде

Ким Джэджун

thumb|300px|Ким Джеджун

Өмірбаяны 1986 жылы туған Джэджун 2010 жылға дейін DBSK тобының жетекші-вокалисті болып келді. Сүйікті ісі — ас әзірлеу. Топ арасында ол «үлкен ағалары» немесе «аналары» рөлінде болды, топ мүшелеріне ән салуға қатысты көптеген сын айтып отырады. Өз ойын тура айтады, сондықтан кейде сол қылықтары үшін өзі де қиналады. Бос кезінде қиналмастан 15 тағамның түрлерін әзірлеп жібереді. Көпшілік, тіпті оның өзі де бірінші көргенде «суық» адам сияқты көрінеді дейді, алайда, оны жақынырақ таныған соң оның топтағы ең нәзік және қамқор екенін байқаға болады. Джэджунның жанұясы үлкен — өгей әкесі, анасы және 8 әпке-қарындастары, осыған қарағанда оның бойынан кейбір әйелге тән қылықтарды байқап қалуға болады.

2006 жылдың қараша айында Джэджунның асыранды бала екені белгілі болды, оның биологиялық анасы Хиро атақты болғанда ғана пайда болды. Сонымен қатар, тегі бірдей Хан аталатын ер адам биологиялық әкесімін деп жариялап, оның асырап алған ата-анасына қарсы сот ісін бастады. 80-ші жылдардың аяғында Хироның биологиялық анасымен ажырасып, әке болу құқынан бас тартқан. Топ жанашырлары оны баласымен ешқашан байланыста болмағандықтан, ақша үшін жанжал шығарды деп айып тақты. Осы кезде Хан мырза өзінің наразылықтарынан бас тартып, Джэджун оны әкесі ретінде қабылдағандықтан сот ісі ауыстырылды. Бір сұхбаттарында Джэджун екі анасының оған қамқор болып, аман жүруін қалайтынын айтты.

Жасөспірім шағында өз бетінше жұмыс істеуге бел буып, ұзақ уақыт бойы қиналыста жүреді, кейіннен SM Entertainment тыңдауына қатысып, қабылданады. DBSK тобында Джэджун жасы жағынан ең үлкені болғанмен, көшбасшы рөлін өзіне Юнхо алды. Топ жігіттері үшін Хиро аналарындай еді — қамқор болып, топ мүшелерін тіпті тәтті тағамдармен «ауыздарын майлайтын». Осыған қарамастан, оны басқалар биязы, нәзік деп жатса, ол тек күліп қоятын. Басқа да сахна адамдары сияқты ол да шынайы өмірде басқаша. Қытай Синкун Вэйши (Xingkong Weishi) арнасында басталған сауалнамада оны «Азиядағы ең әдемі жігіт» ретінде мойындады. Оған 40 миллион адам дауыс берді. 2008 жылы Хиро Корея мен Жапонияның бірлесіп түсірген «Heaven’s Postal Delivery Man» драмасына түсті. 2010 жылдан бастап Джэджун «JYJ» тобының құрамында.

thumb|300px|DBSK Парижда

Жеке дискография