Антонио Лучио Вивальди (; 4 наурыз 1678 жылы, Венеция — 28 шілде 1741, Вена) — итальяндық композитор, скрипкашы, педагог, дирижёр, католиктік діни қызметші. Вивальди XVIII ғасырдағы итальяндық скрипка өнерінің көрнекті өкілдерінің бірі болып саналады Антонио/ Большая советская энциклопедия. Вивальди.

Музыкант көзі тірісінде керемет атаққа бөленіп, халық тарапынан мойындалған, Еуропадағы ірі мәдени қайраткер - кончерто гроссо, ансамбль-оркестрлік концерттің шебері, 40-тан астам опералардың авторы. Вивальдидің танымалдылығы аспаптық концерттерінің, әсіресе скрипканың арқасында келді. Оның атақты туындысы – ішекті-ысқышты аспаптарға арналған 4 концерттен тұратын «Жыл мезгілдері» («Времена года») атты сериялы шығармасы.

Өмірбаяны thumb|200px|right|Брагордағы Әулие Иоанның шіркеуі. 1678 жылы осы шіркеуде Антонио шоқындырылды.

Балалық шақ Антонио Вивальди 1678 жылы 4 наурыз күні осы кезеңдегі Венеция республикасының астанасы Венецияда туған. XX ғасырға дейін Вивальдидің өмірбаянын зерттеушілерде композитордың туған жылы туралы әртүрлі деректер болды. Мәселен, бірі 1675 жылы туған десе, бірі бұдан ертерек деген болжамдар айтқан. 1963 жылы қаңтарда ағылшын ғалымы Эрик Пол (Eric Paul) тапқан Қасиетті Иоанның Брагорға (Венеция төңірегі) келуі туралы жазбалар Вивальдидің туған жылын бекітуге мүмкіндік берді. Табылған жазбаларға сәйкес, Антонио Вивальди 1678 жылы 4 наурызда туылып, осы соборда шоқындырылды. Бала әлсіз болып туған, өлуге шақ қалған соң, оны тезарада шоқындыру қажет болды.Karl Heller. Antonio Vivaldi: The Red Priest of Venice. Chapter Three. Vivaldi’s Training as Priest and His Appointment as Musico di Violino Professore Veneto — P:Amadeus Press, 1997 — p. 37 — ISBN 1-57467-015-8

Антонионың ата-бабалары Брешиядағы лауазымды тұлғалар болды. Композитордың әкесі Джованни Баттиста (1655-1736) осы қалада туған. Джованни он жасында анасымен Венецияға көшіп барды. Мұнда әкесі шаштараз мамандығын үйренді. Осы кезеңдерде италияндық шаштараздарда тұтынушылардың уақыты бос өтпесін деп түрлі музыкалдық аспаптар орналастырылатын еді. Уақыт өте келе, Джованни осы аспаптарға деген қызығушылығы оянып, нәтижесінде өмірінің соңына дейін музыкаға арнады. нобай|131x131 нүкте|Вивальдидің қолтаңбасы 1677 жылы Джованни Камилле Каликчиоға (1655-1728) үйленіп, бір жылдан соң ұлдары Антонио дүниеге келеді. шіркеулік жазбаларға қарағанда, Антонионың үш әпкесі – Маргарита Габриэла, Чечилия Мария, Дзанетта Анна және екі ағасы – Бонавентура Томасо пен Франческо Гаэтано болған. Ағалары әкесінің ізін жалғап, шаштаразшы болды.

1685 жылы Джованни Баттистаның есімі «Sovvegno dei musicisti de Santa Secilia» атты музыкалды қоғамды қалыптастырушылардың тізімінде аталды. Аталмыш қоғамның директоры атақты композитор, бірқатар опералардың авторы Джованни Легренци болды. Нәтижесінде Джованни Қасиетті Марк шіркеуінің капелласында (католик шіркеудің хорында) бас скрипкашы болды. Айта кетерлігі, сол кезеңдерде әкесінің толық есімі Джованни Баттиста Росси болған еді. Антонионың әкесіне тартқан жирен шаштылығы үшін оны «жирен дін қызметкері» деп атайтын ().

Композитордың жастық шағы мен музыкалдық білімі туралы деректер аз. Сондықтан, Антонионы скрипка өнеріне үйреткен, музыкадағы алғашқы ұстазы әкесі болған деп болжанады. Антонио он жасынан бастап скрипкада ойнай бастайды. 1689—1692 жылдар арасында әкесінің Венецияға келіп-кетуі жиілеп кеткен соң, оны шіркеудегі капеллада ұлы Антонио алмастырып отырды.

Кей деректерге сүйенсек, Антонио музыка теориясын Джованни Легренцидан үйренді деседі. Алайда, Легренцидің 1690 жылы қайтыс болғанын ескерсек, оның жас Антониоға ұстаздық етуі күмән тудырады. Антонионың скрипкада шеберлікпен ойнауы және атақты рим скрипкашысы Арканджело Кореллидің музыкалды стиліне ұқсастығы оның аталмыш скрипка шеберінен дәріс алған деген болжамдар бар. Алайда, қазіргі күнге дейін бұл болжамды растайтын дәлелдер жоқ. Сонымен қатар, хронологиялық деректерде Антонионың шіркеулік қызметі оның 1703 жылы Римдегі оқуымен сәйкес келмейді.Walter Kolneder. Antonio Vivaldi: his life and work. — University of California Press, 1970 — ISBN 0-520-01629-7

Жастық шақ

Әкесінің шіркеудегі қызметі және діни өмірі Жас Антонионың алдағы мансабын анықтағандай болды. Ол діни қызметкер болу туралы шешім қабылдады. Бұл түсінікті де еді. Себебі, сол кезде Италияда діни қызмет пен музыкалдық мансапты бірге алып жүру қалыпты жағдай еді. 1693 жылы 18 қыркүйектен бастап монах болу үшін шашын қырықтыру ырымы жасалды, 1700 жылы 18 қыркүйекте дьякон атағын алды. 1703 жылдың 23 наурызында шіркеу қызметкері болып тағайындалды Электронды қоры. «Вивальди. Өмірі және шығармашылығы». Биография. Vivaldi.org.ru. Келесі күні Сан-Джованни ин Олео шіркеуінде өзінің алғашқы литургиялық (құдайға сиыну) мессасын жасады.

1703 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Пьета» жетім балаларға арналған консерваториясында скрипкадан (maestro di violino) сабақ бере бастады. Аталмыш консерватория қыздар музыкалық мектебінің ең алды болып саналатын. Кейіннен оркестр дирижері және концерттердің директоры (maestro de concerti) болды. Вивальдиге түрлі рухани және ақсүйектік той-думандардың әуендерін шығарып отыру міндеттелді. Музыкант мамандығын аббата-минорита дәрежесімен бірге алып жүрген Вивальди, діни қызметкерге тиым салынған қылық көрсеткені үшін бұл дәрежесінен айырылып қалдыМузыкалды энциклопедия. Вивальди. Ю. В. Келдыштың редакциясы бойынша. 6 томдық. Т 1. — М.: Кеңес энциклопедиясы, 1973. . Вивальди 1703 жылы Қасиетті Иоан шіркеуінде Лукреция Трэвизан графиня 90 рет жасалатын таң намазын оқуды тапсырды. 17 тамыз, 1704 жылы viola d’amoreдан сабақ бергені үшін қосымша сыйақы алды. Таңертеңгі ант намазының жартысын орындаған Вивальди денсаулығына байланысты Лукреция Трэвизанның тапсырмасынан бастартады. 1705 жылы Венециядағы Джузеппе Сала баспасы композитордың 12 сонатын шығармалар топтамасы түрінде басты. Екінші топтаманы 1709 жылы Венециядағы Бартоли баспасында скрипкаға арналған және чембаломен (клавесиннің итальяндық атауы) сүйемелденетін 12 сонатты бастырып шығарады. Вивальдидің алғашқы рет сахнаға шығуы 1706 жылы француз елшілігінің сарайында болды. Осы кезеңде композитор Брагор алаңынан Сан-Проволо жаңа ауданына көшеді. 1711 жылы «L’estro armonico» атты 12 концерт («Гармоническое вдохновение») жарияланды. Осы жылы ол қойылған концерттері үшін жылдық сыйақы алып, шәкірттерінің концерттерін басқарды. Ал 1713 жылдан бастап «Пиета» («Ospedale della Pietа») қыздар консерваториясының директоры болды. Осы жылдары жас Вивальди оқытушылық қызметімен қоса композиторлық қызметімен қарқынды айналысты. Сондықтан болар композитор туған жері Венецияда, тіпті оның сыртында да өте үлкен атаққа ие болды, жұртқа кеңінен таныла бастады. Венеция осы кезде халықаралық туризмнің орталығы екендігін ескерсек, Вивальдидің есімі шетелдерде де танылды. Осылайша, 1709 жылы «Пиетаның» ораториясының (драмалық сюжетке құрылып, негізінен концерттік орындауға лайықталған хор) көрсетілімі кезінде Вивальди Дания королі Фредерик IV қабылдауында болып, таныстырылды. Вивальди осы таныстықтың құрметіне және корольдің құрметіне арнап скрипкада ойналатын 12 сонатаны сыйға тартты. 1712 жылы Венецияға келуі кезінде Антонио Бреслаулық неміс композиторы Готтфрид Хайнрихпен (Gottfried Heinrich Stölzel) кездесті. Нәтижесінде, Готфрид Штольцль Антониомен жеке байланыста болған алғашқы неміс композиторы болып саналады. thumb|right|250px|Венециядағы "Пиета" қыздар консерваториясы

Композиторлық қызметінің басталуы. Венеция (1713—1718) 1713 жылы Вивальди өзінің алғашқы үш актылы «Ottone in villa» («Вилладағы Оттон») операсын жазды. Операның сахналанған көрінісі аталған жылдың 17 мамырында венециандық Театро делле Грацие (Teatro delle Grazie) сахнасында қойылды Reinhard Strohm. The Operas of Antonio Vivaldi. — L.S. Olschki, 2008 — p. 111 — ISBN 88-222-5682-4. Бұл опера шытырман оқиғалы сюжетке құрылған. Вивальди тығыз қарым-қатынаста болған Доменико Лаллидің либереттосына жазылған аталмыш опера кей эпизодтарда Рим империясының тарихынан сыр шертеді. Операның сәтті шығуының нәтижесінде Вивальди Сан-Анджело театрының директоры Модоттодан тапсырыс алады. Модоттомен Вивальди өзінің «Фераспе» (1739) атты соңғы операсына дейін бірге тығыз жұмыс атқарған едіИгорь Белецкий. Антонио Вивальди: краткий очерк жизни и творчества. — И:Музыка, Ленинградское отд., 1975 . жыл өткен соң, яғни 1714 жылы ол өзінің Грацио Браччьолидің либереттосына құрылған «Orlando finto pazzo» («Роланд, мнимый безумец») деп аталатын екінші операсын жазды. Опера итальян ақыны Людовико Аристоның «Қаһарлы Ролланд» поэмасының желісі бойынша жазылдыМуз-лит-ра. Вивальди — биография. Muzlitra.ru. Жуырда, композитор латын мәтінінде жазылған «Моисей, бог фараонов» (1714) және «Юдифь торжествующая» (1716) атты екі ораторий жазды. 1715 жылы Сан-Анджело театры үшін «Nerone fatto Cesare» («Нерон, ставший Цезарем») операсына 12 бөлімді арий жазды. 1716 жылы Вивальди Сан-Анджело театрының тапсырысы бойынша «L’incoronazione di Dario» («Коронация Дария») операсын жазды. Осы жылы Венециядағы беделді театрлардың бірі Сан-Мозе театрының репертуарына «La costanza trionfante degl’amori e de gl’odii» («Постоянство, торжествующее над любовью и ненавистью») атты опера жазды. Аталған опералардың премьерасы 1716 жылғы карнавалда қойылды. 1718 жылы Вивальдидің «Scanderbegh» («Скандербег») операсы Флоренция театрында қойылды. Бұл оқиға өз кезегінде Вивальдидің шет елдердегі танымалдылығының айғағы.

Жалпы алғанда, 1713 пен 1718 жылдың аралығындағы жылдар Вивальдидің композиторлық қызметіндегі ең жемісті жылдары болып саналады. Осы жылдары жалпы саны 8 опера жазды .

Мантуедегі өмірі (1719—1722) thumb|right|200px|Пьер Леоне Геццидің 1723 жылы салынған Вивальди мүсініне арналған карикатурасы. Композитор өмірінің 1719– 1722 жылдардағы кезеңі туралы деректер шамалы ғана. Композитордың 1737 жылдан бастап жазылған хаттарына қарағанда, Вивальди өмірінің осы кезеңдерін Германияның Мантуя қаласында өткізген. «La Verita in Cimento» операсының либреттосының бас бетінде Вивальди өзін Maestro di Capella di Camera il Principe Filippo Langravio d’Assia Darmstadt деп атайды. Бұл өз кезегінде 1720-1723 жылдарда Вивальди Австрия императорының әскерін басқарған маркграф Филипп Гессен-Дармштадтскийдің әскер қатарында қызмет етті деген қорытынды тудырды. Филипп Гессен-Дармштадтский осы кезеңде Австрияның VІ Карлдың Мантуе мен Неапольдегі әскерін басқарды.