Жағастай дембеті () – айлауықтар тұқымдасы, дембет туысына жататын көп жылдық көлеңке сүйгіш өсімдік.
Қазақстанда Кетпен (Ұзынқара) тауындағы Қалжат сайында өседі. Биіктігі 15 см-дей. Тамыр жапырақтарының сағақтары ұзын, жүрекше тәрізді. Сабағында ұсақ жапырақтары кезектесіп орналасады. Көгілдір гүлдері шар тәрізді шоғырланған. Тұқымынан көбейеді. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жеміс береді. Жемісі жаңғақша, сырты тегіс болады.
Жағастай дембеті – өте сирек кездесетін реликт өсімдік. Оның өсу ареалының жылдан-жылға таралуына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Айлауықтар Санат:Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер