Жақсытұз – Сілеті алабындағы тұйық көл.
Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов және Ақмола облысының Ерейментау аудандары жерінде. Сілеті көлінің оңтүстігінде, теңіз деңгейінен 69,5 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 15,9 км2, ұзындығы 5,1 км, енді жері 3,8 км. Жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Жағасы жайпақ, батыс жағы жарлауытты, кемерлі келген. Қараша – сәуір аралығында мұзы қатады. Суы тұзды, көктемде мал суаруға жарамды. Алабы – жайылым.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Уәлиханов ауданы көлдері Санат:Ерейментау ауданы көлдері Санат:Сілеті су алабы