Жалаңаш – Қарасор көлінің оңтүстік-шығысындағы тұйық көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданында, Тобыл өзенінің алабында.

Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 197 м биіктікте орналасқан. Аумағы 5,7 км2, ұзындығы 3 км, енді жері 2,5 км, жағалауының ұзындығы 9 км. Көлдің жағасы түйетайлы келген. Суы кермек. Қараша айының аяғында суы қатып, сәуір айында ериді. Көктемде еріген қар және жер асты суларымен толысады.‎

Санат:Бейімбет Майлин ауданы көлдері