Жалтыркөл – Жайық алабындағы көл.
Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы жерінде. Жайықтың сол аңғарында, Бұлдырты өзенінің сағасында, теңіз деңгейінен 9 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 10,3 км2, ұзындығы 5,1 км, енді жері 2,3 км. Ертеректе іргелес жатқан Айдар, Жанғабылсор және Есентемір көлдерімен тұтас айдын құраған. Жауын-шашын және Бұлдырты өзенінің суымен толысады. Тамыз айынан бастап деңгейі күрт төмендейді. Жағасы жайпақ, шығысы батпақты, батыс бөлігі көтеріңкі кемерлі келеді. Желтоқсан – наурыз айлары аралығында мұзы қатады. Суы тұзды. Көктемде мал ішуге жарамды. Алабы шабындық, жайылым ретінде пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Сырым ауданы көлдері Санат:Жайық су алабы өңірі