Жаман Айбат – Жетіқоңыр құмының шығысындағы тау.
Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында. Абсолюттік биіктігі 385 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай созылып Азат тауымен жалғасады.
Жер бедері Солтүстік-батыс беткейі тіктеу, шығыс беткейі көлбеу келген. Солтүстік-шығысы тегіс тақырлы.
Геологиялық құрылымы Ордовиктің ортаңғы және жоғарғы кезеңінің тау жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Делювийлі-пролювийлі жазығындағы қоңыр топырақ жамылғысында эфемерлі сұр жусан, күйреуік, астық тұқымдас шөптесіндер өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жаңаарқа ауданы таулары