ЖАМАНҚҰМ– Нарын құмының орт. бөлігіндегі қоныс. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында. Теміржан қыстауының шығысында 15 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 5 м биіктікте. Солт.-шығыстан оңт.-батысқа қарай 15 км-ге, ені 5,5 км-ге созылған. Солт.-батысында бірнеше ірілі-ұсақты төбешіктер бар. Маңайында Құмысал, Ақпыш, Бектілеу қыстаулары, батысында Теректіқұм қонысы орналасқан.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Жаманқұм (қоныс) · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.