Жамантұз — Ертіс өзенінің орта ағысы мен Шідерті өзені аралығындағы тұйық алапта жатқан көл.

Географиялық орны Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігі аумағына қарасты жерде, Ертіс аңғарының сол жағында, теңіз деңгейінен 123,5 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 5,7 км2, ұзындығы 3,3 км, енді жері 2,6 км. Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Жағасы жайпақ, батпақты, солтүстік жағалауы көтеріңкі кемерлі келеді. Қараша – сәуір айлары аралығында мұзы қатады. Суы тұзды. Көктемде мал суарылады. Алабы – жайылым.‎

Санат:Ақсу көлдері Санат:Ертіс су алабы