Жарықкөл – Жем алабындағы көл.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы жерінде орналасқан. Талдышоқы тауының солтүстігінде 2,5 км, Құйғанкөл көлінен оңтүстік-батысқа қарай 1 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 280 м биіктікте.

Гидрографикасы Аумағы 3,8 км2, ұзындығы 2,8 км, енді жері 2,5 км, жағалау бойының ұзындығы 11 км. Суы қарашаның аяғында қатып, сәуірдің 1-жартысында ериді.

Жағалау сипаты Жағалауы құмды келген. Оңтүстігінде Құмжарған құмы орналасқан. Маңында Сулыаша, Балауса, Тереңқұдық, т.б. қыстаулар бар. Жағасында қамыс, қоға, сораң өсімдіктер өседі. Мал жайылымына қолайлы, суы тұщы.

Санат:Мұғалжар ауданы көлдері Санат:Жем су алабы