Жүндіқара, жаман қасқыржем () – қасқыржемдер тұқымдасының қасқыржем туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Ұлытау, Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауларында өседі. Биіктігі 80 – 100 кейде 150 см-дей. Сабағының төменгі жағы көбінесе тікенді келеді. Жапырақтары қабыршақ тәрізді. Гүлі дара жынысты. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі шар тәрізді, қызыл түсті. Жүндіқара – мал азықтық өсімдік. Төрт түлік мал сүйсініп жейді.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қасқыржемдер Санат:Қазақстан табиғаты