ЖЫЛАНДЫ– Шыңғырлау өз. алабында орналасқан тоған. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Тіксай а-ның шығысында 15 км жерде, теңіз деңгейінен 230 м биіктікте жатыр. Ұзындығы 2 км, ені 1,8 км. Оңт.-шығысы жарлы келеді. Шыңғырлау өз. бөлініп шығатын тармақтармен толысып тұрады. Суы қарашада қатып, сәуірде ериді. Шығысында Қарасу қыстауы бар. Мал ш-на пайдаланылады.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Жыланды (тоған) · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.