Жіңішке – Солтүстік Балқаш алабындағы өзен.

Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 65 км, су жиналатын алабы 611 км2.

Бастауы Бастауын Қызыларай тауынан алып, Ақтұмсық ауылы тұсында Тоқырау өзеніне құяды.

Гидрологиясы Арнасы тар, жағасы тік жарлы болып келеді. Жауын-шашын, бұлақ суларымен толығады. Көктемде еріген қар суы ағып, жазда тартылып қалады. Кішігірім салалары бар, ірісі – Миөзек. Суы мен жайылмасы түрлі шаруашылықтарға пайдаланылады.‎ Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Балқаш су алабы Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) өзендері