Кепебұлақсай – Іле өзені алабындағы өзен.

Географиялық орны Алматы облысы Ұйғыр ауданы жерімен ағады. Кетпен жотасының (Ұзынқара) солтүстік баурайында. Ұзындығы 39 км, су жиналатын алабы 58 км2. Өзен бойында Кепебұлақ ауылы орналасқан.

Гидрологиясы Өзен суы Ілеге жетпей жерге сіңіп кетеді. Көктем айларында суы тасиды. Суын негізінен егін шаруашылығына пайдаланады.”Қазақ энциклопедиясы”

Дереккөздер

Санат:Ұйғыр ауданы өзендері Санат:Іле су алабы