Керуентау, Каравантау – Қарақобда және Сарықобда өзендерінің аңғарындағы тау.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ ауылының батысында 17 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 357 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 3 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км.
Геологиялық құрылымымен жер бедері Мезозой дәуірі бор кезеңінің бор, тақтатас жыныстарынан түзілген. Беткейі көлбеу, түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Беткейлеріндегі бұлақтардан бастау алатын жылғалар Сарықобда өзеніне құяды.
Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында боз, селеу, бетеге аралас өсімдіктер өседі. Етегі мал жайылымы.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Алға ауданы таулары