Киікбай – Сілеті өзенінің сол саласы.
Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау және Ақкөл аудандары жерімен ағады.
Бастауы Бастауын Сазды бұлақ ауылының шығысынан (Ақкөл ауданында) алып, Сілеті бөгеніне құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 44 км. Ұзындығы 4 км болатын 2 саласы бар. Суайрығының жер бедері таулы-денудациялық қыратты жазықтағы төбелі-жонды келген. Аңғары жіңішке, айқын байқалады. Жайылмасы бүкіл өзен бойында бар. Негізінен қар, кейде грунт суларымен толығады. Жазда бірнеше ұсақ қарасуларға бөлініп қалады.
Өсімідігі Алабының қызғылт қоңыр сортаңды топырағында (шалғынды-қоңыр және шалғынды-далалық сортаң топырағы қалыптасқан) жайылмасында бетегелі-сұлыбасты-қызыл қаулы өсімдіктер өскен. Суын жақын жатқан елді мекендер пайдаланады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ақкөл ауданы өзендері Санат:Ерейментау ауданы өзендері Санат:Сілеті су алабы