Көксу – Көксу жотасының оңтүстік бөлігіндегі асу.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық әкімдігіне қарасты аумағы мен Ресей шекарасында орналасқан. Ең биік жері 2000 м шамасында. Асудан сәуір – қазан айлары аралығында салт атты адам өте алады. Беткейлерін қылқан және жалпақ жапырақты орман ағаштары басқан.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Шығыс Қазақстан облысы асулары Санат:Ресей асулары Санат:Алтай таулары