Көкшоқы – Хантау тауының оңтүстік-шығысындағы тау.

Географиялық орны Жамбыл облысы Шу ауданы Хантау кентінің оңтүстік-шығысында 38 км жерде орналасқан. Шу өзені аңғарында. Абсолюттік биіктігі 824 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км.

Жер бедері Беткейі көлбеу, бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Батысынан Үлкен Жиделі өзенінің саласы бастау алады.

Геологиялық құрылымы Тау каледон-герциндік тау түзілу процесінде қалыптасқан. Палеозойдың гнейстерінен, кристалды тақтатастан, каледондық граниттен түзілген.

Өсімдігі Таудың саздақты бозғылт топырағында жусан бітік өседі. Кейбір жерлерінде ши шоғырлары кездеседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Шу ауданы таулары