Кіші Бүркітті – Үлкен Бүркітті тауынан солтүстік-шығысқа қарай 3,5 км жерде.
Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бүркітті ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 22 км жерде орналасқан тау. Ең биік жері 1022 м. Батыстан шығысқа қарай 4 км-ге созылып жатыр, ені 2 км.
Жер бедері, геологиялық құрылымы Жайпақ төбелі тау тізбектерінен тұрады. Тас көмір жыныстарынан түзілген. Беткейлері сай-сала, жыралармен тілімденген.
Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында селеу, мысыққұйрық, бетеге, көде өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы таулары