Кіші Тобылжан – Ертіс алабындағы тұзды тұйық көл.

Географиялық орны Павлодар облысы Успен ауданы Равнополь ауылының шығысында 10 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 92 м биіктікте.

Гидрографикасы Аумағы 10,9 км2, ұзындығы 7,2 км, енді жері 2,8 км, жағалау бойының ұзындығы 18 км. Жағалауы жайпақ, көбіне сортаңды, оңтүстік батпақты болып келеді. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толысады. Қараша айының аяғында суы қатып, сәуірде ериді. Түбі лайлы. Көлден кәсіптік маңызы бар ас тұзы алынады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Ертіс су алабы Санат:Успен ауданы көлдері