Әскери дауылпаз - соғысқа шығар алдында, соғыс майданында қолданылған жауынгерлік саз аспабы. Алапат соғыс, намысты шайқас не жан беріп-жан алысар ұрысқа аттанарда дауылпаз ұрған. Жауынгерлерді бір қолға жинақтап, жігерін шыңдап, рухын көтеру мақсатында дүмпілдеткен. Сондай-ақ жеңіс тойын тойлаған салтанатты шеру кезінде әскери дәстүр ретінде қолданылған. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат: Әскери іс