Қайнар – Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы көл. Жылтыр ауылының солтүстік-шығысында 25 км жерде, теңіз деңгейінен 178 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 6,7 км2, ұзындығы 4 км, енді жері 2,4 км, жағалау бойының ұзындығы 12 км. Бойлық бағытта созылып жатқан көл айдынын түгелімен қамыс шоғырлары басқан. Жазда көл құрғап, сорға айналады. Оңтүстігінде Жанелгір көлі жатыр.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Шалқар ауданы көлдері