Қайыңды – Ойыл алабындағы өзен.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Ойыл ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 52 км, су жиналатын алабы 1030 км2.
Бастауы Бастауын Қызылжар қыстауының жанындағы биіктігі 4 м болатын жарқабақты жырадағы бұлақтардан алып, Ойыл өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрологиясы Жоғарғы бөлігінде арнасы сайлы-жыралы, Қайыңды ауылынан төменде арнасы кеңейіп жайылма пайда болады. Бірнеше саласы бар. Ірілері: Қызылжарсай, Қызылсай, Күкіртті. Суы жыл бойы болады. Жағалауында бұта аралас бетеге, сұлыбас, жусан, т.б. шөптесіндер өседі. Негізінен жер асты суымен толығады. Суы шаруашылыққа, ауыз суына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ойыл су алабы Санат:Ойыл ауданы өзендері