Қарабаян – Қарадүлей сор алқабының оңтүстік-батысындағы төбе.

Географиялық орны Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Төлеп темір жол станциясының оңтүстік-шығысында 50 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 129 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 3 км-ге созылған, енді жері 1,5 км шамасында. Беткейлері жайпақ, пішіні доға тәрізді келген. Солтүстігінде Қарадүлей қонысы, шығысында Қызыластау, Қызылгүл құдықтары, оңтүстігінде Ердалы төбесі, батысында Айдарқарабас, Жасаған қоныстары орналасқан.

Өсімдігі Сортаңды сұр және тақыр тәрізді топырақ жамылғысында жусан аралас шөл өсімдіктері өседі. Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Бейнеу ауданы таулары Санат:Төбелер