Қаражиде – Кіші Арал теңізінің оңтүстік-батысындағы төбе.
Географиялық орны Қызылорда облысының Арал ауданы Ақбасты ауылының оңтүстігінде 6 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 148 м. Батыстан шығысқа қарай 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км шамасында. Оңтүстік бөлігі тік жарлы, қалған беткейлері жайпақ.
Өсімдігі Құмайтты топырағында шөл өсімдіктері өседі.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Арал ауданы таулары Санат:Төбелер