Ақсайит , ақсаит – бораттар тобына жататын минерал, магнийлі бораттың сулы оксиді.Қазақ энциклопедиясы, ҚР табиғаты Химиялық формуласы: MgB6O105H2O. Табылған орнымен аталынған (1962). Ромбылық призма түрінде кристалданады. Ірілеу кристалдарының түсі ақшыл сұр, ұсақтары түссіз. Қаттылығы 2,5; меншікті салмағы 2,01 г/см3. Галоидты шөгінділердің арасында кездеседі. Ақсайит Қазақстанда алғаш ашылған сирек кездесетін минералдардың бірі. Ішкі сілтемелер Галоид Кристал
Дереккөздер
Санат:Қазақстан табиғаты Санат:Химия