Алқабек – Қара Ертіс өзенінің оң саласы.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы жерімен ағады.

Бастауы Азутау жотасының оңтүстік беткейінен бастау алады.

Гидрологиясы Ұзындығы 82 км, су жиналатын алабы 1420 км2. Қар, жаңбыр, жер асты суларымен толығады. Жоғарғы тау шатқалында сарқырай ақса, жазыққа шығысымен ағысы баяулайды. Алқабек елді мекенінің тұсында көп жылдық орташа су ағымы 0,57 м3/с. Суы егін суғаруға, мал жайылымына пайдаланылады. Басты салалары: Орта Теректі, Шет Теректі, Ашалы.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Күршім ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы