Алыпқаш – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы тұйық көл. Комсомол ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 20,94 км2, ұзындығы 8,4 км, енді жері 3,1 км, жағалауының ұзындығы 22,8 км, ең терең жері 2,76 м. Су жиналатын алабы 332,0 км2. Оның 90%-ы жыртылған, жағалау бойындағы жалды телімдері 3%, су алабындағы қайыңды тоғайлар мен бұталар 6%-ды қамтиды. Шөгінді тұнбаның қалыңдығы 0,3 – 0,4 м. Атмосфералық жауын-шашынмен толығады. Судың минералдылығы 1,2-ден 8,0 г/л-ге дейін ауытқиды, жыл бойғы кермектілігі 15,0 – 35,0 мг/экв суы тым хлоридті.

Жағалау сипаты Көл жағалауы көбіне құлама жарлы, биіктігі 4-5 м, шыммен бекіген. Жағалау маңы шалғынды, кей жері сор, сортаңды. Қамыс құрағы бүкіл су айдынының 71%-ын алып жатыр. Көктемде суы мал суаруға пайдаланылады. Жағалау алабы шабындық.Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;

Дереккөздер

Санат:Тимирязев ауданы көлдері