thumb Андрадит – силикаттар класының гранаттар тобына жататын минерал. Химиялық формуласы: Ca3Fe2[SіO4]3. 1800 жылы құрамын анықтаған португал минералогы д′Андраданың есімімен аталған. Кубтық сингонияда ромбылық додекаэдр кристалдарын түзеді. Түсіне байланысты бірнеше түрлері бар: демантоид – шөптей жасыл, сарғылт жасыл; желлетит – ашық жасыл; топазолит – жасыл сары; аллохроит – қоңыр қызыл; меланит – қара түсті. Қаттылығы 6,5 – 7; меншікті салмағы 3,75 г/см3. Мөлдір, шыныдай жылтыр. Жаралуы жапсарлы метасоматитті – жоғары температуралық жағдайда қышқыл магма мен карбонат құрамды шөгінділер арасындағы реакция нәтижесінде түзіледі. Кристалдық тақтатастарда, скарндерде кездеседі. Қайраң кендері де ұшырасады. Андрадит негізінен абразив материал ретінде қолданылады. Мөлдір әрі сәнді түсті түрлерінен зергерлік бұйымдар жасалынады. Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;

Сілтеме

Санат:асыл тастар Санат:Кальций минералдары Санат:Темір минералдары Санат:Силикат минералдар