Аралша мыс-мырыш кен орны – Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері Хромтау ауданы, Көшенсай ауы­лы­нан шы­ғы­сқа қа­рай 500 м жерде. Ақтөбе облысындағы гидротермальдық процестерден өзгеріске ұшыраған девон дәуірінің диабазспилит құрамды жанартаутектік жыныстарының Көженсай гранит массивімен жапсарласқан жерінде.

Жатыс сипаты 4 кентасты белдемнің ені 750-800 м. «Западная» белдемінде 3 кентасты қабат бар. «Пограничная» кентасты қабатының ұзындығы 600 м-ге, құламасы 350 м-ге дейін зерттелген. Қалыңдығы 40-50 м.

Минералдары Негізгі кентастың минералдары: пирит, халькопирит, сфалерит. Кентастың құрамында күкіртті колчедан, мыс, мырыш басым. Олардан басқа кобальт кездеседі.Қазақ энциклопедиясы I том

Дереккөздер

Санат:Ақтөбе облысы кен орындары Санат:Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері