Астахов әктас кен орны – Қарағанды облысы Осакаров ауданы жерінде орналасқан. 1943 жылы игерілген, 1954 жылдан бері Қарағанды цемент зауыты пайдаланады. Қоры 1961-1964 жылдары анықталған.

Жатыс сипаты Ұзындығы 2,5 км, орташа ені 0,5 км, солтүстіктен батысқа қарай созылып жатқан Астаховка мульдасының оңтүстік-батыс қанаты болып табылады. Өнімді қабаттың қалыңдығы 350-400 м. Солтүстік пен шығыста өнімді қабаттың әктасы, цемент шахтасында саз қосындысы ретінде пайдаланылатын сазды тақтатаспен жабылған.

Қолданысы Кен орнының әктасы құрылыста (силикат, бетон әзірлеу үшін), ауыл шаруашылығына (әк тыңайтқыштар), сондай-ақ металлургия (флюстер) мен химия өнеркәсібінде қолданылады.Қазақ энциклопедиясы I том

Дереккөздер

Санат:Қарағанды облысы кен орындары