Ащыкөл – Ақмола облысы Ақкөл аудындағы көл.
Аумағы Көлем аумағы 8,7 км2, су жиналатын алабы 148 км2. Теңіз деңгейінен 373 м биіктікте жатыр. Ұзындығы 4,7 км, енді жері 2,3 км, жағалау сызығының ұзындығы 11,4 км. Жағалауы жазық келген, көл түбінде тұнба (ұйық) шөккен. Қар және жер асты суларымен толысады.
Өсімдігі Солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығыс жағалауында қарағайлы-қайыңды орман, жағалауында қамыс, құрақ өскен. Суы мал суаруға пайдаланылады.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Ақкөл ауданы көлдері