Бала Құндызды – Үлкен Құндызды өзенінің саласы.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 80 км, су жиналатын алабы 1480 км2.
Бастауы Құндызды тауының солтүстік-шығысынан басталып, Нұра кентінің шығысында Үлкен Құндызды өзеніне құяды.
Гидрологиясы Аңғары жазық жермен өтеді. Қар, жер асты суларымен толығады. Көктемде тасиды. Қараша айының аяғында суы қатып, сәуірдің ортасында ериді. Жазда тартылып, жеке қара суларға бөлініп қалады. Шабындықты суландыруда маңызы зор.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Нұра су алабы