Балықты Сарқыл – Жайық алабындағы көл.
Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында, Қараөзен және Сарыөзен өзендері аралығында, Жалпақтал ауылының оңтүстік-батысында 8 км жерде орналасқан. Көл теңіз деңгейінен 4,8 м биіктікте.
Гидрографикасы Айдынының аумағы көктемде 60 км2 жетеді, орташа тереңдігі 3,2 м. Негізінен Қараөзен суымен толығады. Суында минералды қоспалар көп. Саз балшығы кейбір ауруларға ем. Суы қараша айында қатып, сәуірдің басында ериді.
Санат:Казталов ауданы көлдері Санат:Жайық су алабы өңірі көлдері