Баршын, Барсен – Ақмола облысы, Астрахан ауданындағы ағынды көл. Есілдің сол жағасындағы Қаратүбек ауылының оңтүстік-батысында 4 км жерде.

Гидрографикасы Аумағы 13,0 км2, ұзындығы 8 км, ені 4 км-дей. Терең жері 8 м. Қараша айының басында қатып, сәуірдің аяғында мұзы ериді. Суы тұщы. Жағасындағы қамыс шаруашылық қажетіне пайдаланылады. Жайылмасы – шабындық. Көлден балық, құс ауланады.

Санат:Астрахан ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы