Батпайсағыр, Бетпақшағыр – Нарын құмының оңтүстігіндегі құмды алап.
Географиялық орны Атырау облысы Құрманғазы ауданында орналасқан.
Жер бедері Теңіз деңгейінен 8 – 14 м төмен жатыр. Ұзындығы 60-65 км, ені 35-40 км. Аумағы 1000 км2, абсолюттік биіктігі 14 м (оңтүстік-шығысындағы Бесшоқы төбесі). Солтүстігінде Қосдәулет, оңтүстігінде Мыңтөбе, шығысында Бұзанай құмдарына, ал батысында Еділ жағалауына ұласып кетеді.Исатай ауданы 2-кітап Шежіре "Арыс" баспасы 2008. ISBN 9965-17-526-8 Жер бедері жартылай көшпелі құм шағылдарынан тұрады. Ойыс жерлерінде суы ащы көлшіктер кездеседі. Жер асты су қоры мол.
Өсімдігі Құмдауыт топырағында шағыр, қияқ, еркек шөп, құмаршық, жыңғыл, жүзгін, тастақты жерлерінде бұйырғын, жантақ өседі. Алап қысы-жазы мал жайылымы.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Атырау облысы құмдары